Облыста техникалық және кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарында оқушыларды, жастарды оқытуға тарту бойынша жүйелi жұмыс жүргiзiлуде.

2021 жылғы 10 наурызда Мағжан Жұмабаев ауданында Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Құмар Iргiбайұлы Ақсақаловтың қатысуымен 200 баланы қамтитын «Алтын Ұрпақ» балалар шығармашылығы және жасөспiрiмдер Орталығы ашылды.

2021 жылғы 4 наурызда Петропавл қаласының Оқушылар сарайында жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша дарынды оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңiнiң жеңiмпаздарын және Елбасы медалi бағдарламасының қатысушыларын салтанатты түрде марапаттау өттi.

Темір жол жолдарында жарақаттанудың, қауіпсіздіктің алдын алу және өлімге жол бермеу мақсатында сыныптарда «Темір жол-қауіптілігі жоғары аймақ» сынып сағаттары өткізілді. Әңгіме барысында бағдаршам сигналдары мен теміржол аймағындағы тәртіп ережелері қайталанды, өйткені әр сыныпта теміржол арқылы өтуге тура келетін балалар бар. Әңгімеден кейін балаларға темір жолдағы тәртіп ережелері көрсетілген бейнеролик көруге мүмкіндік берілді.

1 наурыз Алғыс айту күнін атап өтеміз. «Рақмет» күні. Алғыс айту күні бізге күнделікті өмірде алғыс сөздер қаншалықты қажет екенін тағы бір рет еске салады, ал әдептіліктің өзі басқаларға мерекелік көңіл-күй жасай алады. Алғыс айту күніне орай біздің мектепте «Рахмет айтамыз» суреттер байқауы өткізілді

2021 жылғы 24 ақпан күнi Солтүстiк Қазақстан кәсiптiк-педагогикалық колледжiнде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Жамбыл Жабаев — жүз жасаған бәйтерек» тақырыбында әдеби кешi өткiзiлдi.

2021 жылғы 26-29 қаңтар аралығында біздің мектепте «Қауіпсіз автобус» республикалық акциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша бірқатар іс-шаралар өтті.

«Қауіпсіз автобус» акциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша іс-шаралар жоспары жасалды. Әр сынып ұжымында қауіпсіздік сабақтары өткізілді, онда жол жүру ережелері және «Үйге қауіпсіз бағыт» өзін-өзі сақтау шаралары түсіндірілді.

НАШИ  КОНТАКТЫ

150800, Республика Казахстан
район Магжана Жумабаева, г.Булаево
улица Мира, 8

+7 (71531) 2-81-89

jumabaevroo2007@rambler.ru

РАСПИСАНИЕ  ЗВОНКОВ

1 УРОК 8:00 - 8:45 14:00 - 14:45
2 УРОК 8:55 - 9:40 14:55 - 15:40
3 УРОК 10:00 - 10:45 16:00 - 16:45
4 УРОК 11:05 - 11:50 16:55 - 17:40
5 УРОК 11:05 - 11:50 16:55 - 17:40